«15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай ұйымдастырылған іс-шаралардың өтуі туралы ақпарат

Дата: 2019-05-16 12:05:22
«15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай ұйымдастырылған іс-шаралардың өтуі туралы ақпарат

15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. 1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі оқушыларға ұғындыру, түсіндіру мақсатында №2 мектеп-интернатында бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ, мектептің бірінші қабатындағы ақпараттық стенд «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында безендірілді. Сонымен қатар, мектеп кітапханасында кітапханашылардың жетекшілігімен «Отбасы-ұлттың тірегі» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Оқушы бойына «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды сіңіру, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатында барлық сыныптарда «Отбасы – алтын діңгек», «Мен, менің отбасым», «Отбасы – тәрбие мектебі» және т.б. тақырыптарында сынып сағаттары өтті.

15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты –отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру.

Жиналыстың күн тәртібінде мынандай мәселелер: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру - тәрбие негізі; Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар; 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау және тағы да басқа әр түрлі сұрақтар қарастырылды.

Өткізілген іс-шараларды қорытындылап айтатын болсақ, «15 мамыр - Халықаралық отбасы күні» мерекесі өз деңгейінде аталып өтті.