Мектеп психологы «Балар және ғаламтор» тақырыбында кездесу өткізді...

Дата: 2019-04-17 17:00:46
Мектеп психологы «Балар және ғаламтор» тақырыбында кездесу өткізді...

17 сәуір күні мектеп психологы Асылханова Ә. А . 5-7 сынып оқушыларымен «Балар және ғаламтор» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге әлеуметтік педагог, кітапxанашы, тәрбиеші педагогтар қатысты.

Мақсаты: оқушыларға интернет желісінің зиян тұстары, келтіретін зардаптары туралы әңгімелесу. Пайда болатын психологиялық ауытқушылықтардың оқушы өміріне әсері жайында пікір алмасу.

Кездесу барысында психолог жалпы мәлімет берді. Интернет тәуелділіктің анықтамасы, интернет тәуелділігінің диагнозы, оның типтері, интернетке деген құмарлықтың факторлары жайлы мағлұмат берілді. Интернет адам санасын қандай жолдармен улайтынын, оның отбасымен қарым-қатынастағы қиындықтар сипаттамасы түсіндірілді. Сонымен қатар, кітапxанашы маман интернеттен гөрі кітап оқығаны туралы айтты. Оқу конференцияларына белсенді түрде қатысуына көңіл бөлді.

Кездесудің 2 бөлігі оқушылардың пікірін тыңдауға арналды. Оқушылар өз өмірлерін мысалға ала отырып, интернеттің пайдасыз жақтарын ашық айта алды. Онымен күресу жолында бірнеше ұсыныстар білдірген оқушылар да болды.

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды. Бұл мәселенің қазіргі заманда өзекті мәселеге айналғаны баршамызға аян. Оқушылар бұл дерттің өз өмірлеріне сөзсіз әсер ететініне көздері жетіп, саналарына пайдалы ой түйді деген ойдамыз. Кездесу соңында әлеуметтік педагог және аға тәлімгер дайындаған "Қауіпсіз ғаламтор..." буклеттері таратылды.

Акция барысында «Әлеуметтік желідегі қарым-қатынас этикасы», «Қауіпсіз ғаламтор» «Мен қауіпсіз өмірді таңдаймын...» атты жадынамалар таратылды. Дәл осы тақырыпта интернеттің зиянды тұстары туралы бейнероликтер көрсетілді.