"Жаңа ғасыр жастар көзімен"...

Дата: 2019-04-10 15:45:14

Бүгінгі мектеп оқушылары еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жасұландары арасында 2019 жылдың 12 наурыз күні Оқушылар сарайында  «Жаңа ғасыр,жастар көзімен» ақпараттық-насихаттау тобының дәстүрлі ХІІ-і байқауы өтті. Байқаудын басты мақсаты-оқушылардың Қазақстан Республикасының патриоты ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, олардың компьютерлік технгологияны меңгеріп, шығармашылықпен жаңаша ойлауын қалыптастыру.

Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қала мектептерінің ақпарат орталықтары «Рухани жаңғыру - жастарға жарқын жол», «Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы білімді, білікті, өресі биік жастар»,«Жас Ұлан болашағы елімнің», «Ұланымыз ұлы елдің» рубрикаларын қоса отырып баспаларын ұсынды. 

Екінші кезең -    «Отан», «Зерде», «Руханият», «Жеті жарғы», «Салауат», «Еңбек», «Экоәлем» атты 7 бағыт бойынша қала мектептері үгіт-насихат топтары  «Жас ұлан» ұйымының жұмыстарын қорғады.   

 № 2 мектеп-интернатының тобы ІІІ орынға ие болды.