Хаттама №4 "ЖББ М. П. Русаков атындағы № 2 санаторлық мектеп-интернаты" КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Дата: 2019-03-31 09:23:44
Хаттама №4

28. 03. 2019

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Жаңа Жыл, Наурыз мерекелерін өткізу бойынша есеп. Қамқоршылар кеңесі төрайымы А. Ахмедина

2. Әртүрлі

Қатысқандар: Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңесі мүшелері - 9 адам, мектептің ата-аналар комитеті мүшелері, әкелер және аналар кеңесі мүшелері – 32 адам.

Тыңдалды:

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылар кеңесі төрайымы А. Ахмедина сөз алып, Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында демеушілердің көмегімен мектептің алды және спорт залы өте жоғары сапада безендірілді, және 1-4 сыныптар оқушылары, жетім балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасының балалары тәтті сыйлықтармен толықтай қамтылғанын айтты. Сонымен қатар, ұлттық мерекеміз Әз Наурыз мейрамында да ата-аналардың және де Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің көмегімен мерекеміз өте жоғары деңгейде өтті деп баса айтты. Қамқоршылық кеңесі мүшелері мектепте өткен әрбір дәстүрлі іс-шараларды, акцияларды ұйымдастыруға белсенді қатысып, ауқымды қолдау көрсетіп отырды дей келе алғысын білдірді.

2. Екінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы А.Сейтимбетова сөз алып атқарылған жұмыстар ауқымды, әлі алдымызда оқушылардың жазғы демалысы келе жатқанын айтып, осы мәселе өте күрделі, сондықтан оқушыларымыздың жақсы, толыққанды демалуына жағдай жасап , дайындалуымыз керек деді.

ШЕШІМ:

1. Жаңа Жыл, Наурыз мерекелерін өткізу бойынша жұмыстар қанағаттандырарлық деп саналсын.

2. Оқушылардың жазғы демалысына дайындық жұмыстары сапалы түрде жүргізілсін.

Кеңес мүшелері 1. Кеңес төрайымының орынбасары - Д. Сейтқалиева 2. Маканалин Т. И. 3. Крюков С. А. 4. Игенова Ж. 5. Муслимов А. К. 6. Жуматаев Б.  7. Қуатбеков К. 8. Есенова Г. О

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А. Ахмедина

Хатшы М. Н. Сулейменова