«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбында салтанатты жиын өтті...

Дата: 2019-03-01 13:34:44
«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбында салтанатты жиын өтті...

28 ақпан күні аға тәлімгердің жетекшілігімен мектептің акт залында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиын барысында әр ұлттың балалалары өз тілінде алғыстарын айтып, үгіт-насихат жұмыстарын көрсетті және ән шырқалып, әртүрлі халықтардың биі биленді. 

Сонымен қатар, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру мақсатында «Алғыс айту және ризашылық» тақырыбындағы акция және оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Сенің болашағың жарқын, Менің елім, менің Қазақстаным» тақырыбындағы бейнероликтер көрсету іс-шаралары 25. 02. - 01.03. күндері аралығында аға тәлімгер ұйымдастыруымен өткізілді.