Информатика пәнінен үш тілде білім беру іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дыбыстарды экспорттау» «Sound Export» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді...

Дата: 2019-02-20 22:18:08
Информатика пәнінен үш тілде білім беру іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дыбыстарды экспорттау» «Sound Export» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді...

18 ақпан күні информатика пәнінің мұғалімі Алиева Ш. А. факультатив сабағынан 8-сыныпта үш тілде білім беру іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дыбыстарды экспорттау» «Sound Export» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.

Мақсаты: Программаның дыбыс орнату құрылғылары туралы түсінік беру. Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру, дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту; анимация орнату құрылғыларының термин сөздерін ағылшын тілінде меңгеру.
Сабақ барысында оқушымен жекелей жұмыс, оқушылар кейіпкерлердің жүрісіне дыбыс қосуды үйренді. Және «кім білгір?» атты әдіс арқылы өздерінің жаңа тақырыптан алғандарын білімдерін электронды тест арқылы тексере алды. Сабақ соңындағы оқушылар өз көңіл-күйлеріне сәйкес рефлексия жасады. Өз сезімдерімен бөлісті. Сабақта қызықты мәліметтер бейне түрінде және арнайы тапсырмалар ағылшын тілінде берілді. Бұл тыңдалым дағдысын дамытады. Сынып тілі (classroom language) сабақта тиімді қолданылды. Сабақта ағылшын тілінде жүргізілу пайызы – 29%. Мұғалімге сынып тілі жайлы және жаңа кейбір термин сөздердің транскрипциясын іздену және оқушыларға жиі дауыстатып қайталау ұсынылды.