Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары" атты қалалық ақындар мүшайрасы...

Дата: 2019-02-20 21:17:46
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  ақындық өнердің дамыту, халыққа насихаттау, поэзия әлеміне жаңадан құлаш сермеген жас таланттардың қаламын ұштау мақсатында және қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын жазушы драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары" атты қалалық ақындар мүшайрасына қатысқан "Тобылғы" бүркеншік атымен Жанат Айдос Жанатұлы 2 орынға ие болса, шәкірті "Қараторғай" атты бүркеншік атпен Кәрібай Ерсұлтан Дулатұлы "Жас қаламгер" номинациясымен марапатталды.