"Үш тіл - үш әлем" апталығы бастау алды...

Дата: 2019-02-19 23:33:54

Ақпан айында біздің мектепте үш тілді оқыту аптасы дәстүрлі түрде өткізіледі. Осы оқу жылында- «Үш тілді - Үш әлем» апталығы 15-22 ақпанға жоспарланған. Аптаның ішінде «биология» және «информатика» пәндері бойынша ашық сабақ өткізу, мұғалімдерге әдістемелік өнімдерді жасау бойынша семинар, мұғалімдер арасында пікірталастар, оқушылар арасында сурет байқауы, ағылшын тілі білгірлері сайысы, Лондонның көрнекті жерлері бойынша эстафетасы.

Тілдер аптасының басталуы мектептің өзін-өзі басқару ұйымы «Үштілділік – заман талабы» атты бейнебағдарлама жүргізуден басталды,  онда мектеп бойынша экскурсиясы жасалып, үш тілде білім алу қалай жүретінін зерттеді. Жүргізуші - 9 сынып оқушысы Кәрибай Ерсұлтан.