Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Алаштың Сәкені» атты 5-9 сыныптар арасында көркем сөз байқауы өтті...

Дата: 2019-02-08 15:51:51
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Алаштың Сәкені» атты 5-9 сыныптар арасында көркем сөз байқауы өтті...

31 қаңтар 2019 жылы  №2 мектеп-интернатында «Бір аймақ – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған Алаш аспанындағы жарық жұлдыздардың бірі, дарабоз ақын, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы ғалым Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Алаштың Сәкені» атты 5-9 сыныптар арасында өткен мектепішілік көркем сөз байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты жаңғырту, олардың туған жердің тарихы мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін білуге деген құштарлықтарын шыңдау.

Байқау нәтижесі  бойынша І орынды  5«А» сыныбының оқушысы Мейрамқұл Құралай, ІІ орынды  9 «А» сыныбының оқушысы Амиржан Дариға алса, ІІІ орын 7 «Ә» сыныбының оқушысы Имангелді Қымбатқа тиесілі болды. Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясын 6 «А» сыныбының оқушысы Қалиев Нұрбол, «Дарын» номинациясымен  9 «Ә» сыныбының  оқушысы Қалиева Маржан мараппаталды. Басқа қатысқан оқушыларға сертификат берілді.