«Тынысалу жүйесінің биологиялық ерекшелігі. Biological features of the respiratory system» тақырыбында ашық сабақтың өтуі туралы ақпарат

Дата: 2018-12-26 15:12:28
«Тынысалу жүйесінің биологиялық ерекшелігі. Biological features of the respiratory system»   тақырыбында ашық сабақтың өтуі туралы ақпарат

  19 желтоқсан күні «Үш тілде білім беру» бағдарламасы, сонымен қатар «Полиглот» жобасы аясындағы іс-шаралар төңірегінде биология факультатив сабағынан ашық сабақ өткізілді.

Биология-химия пәні мұғалімі  Хамитова С.К 8 «А», «Ә» сыныптарында «Адам биологиясы» факультативтік курс бойынша «Тынысалу жүйесінің биологиялық ерекшелігі. Biological features of the respiratory system»   тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: тынысалу жүйесінің биологиялық ерекшеліктерімен танысу. Жаңа материалдық қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту; тынысалу жүйесін ағылшын тілінде меңгеру; тест түрлері, жеке оқушымен жұмыс, ашық  сұрақтар, кім жылдам?, терминдер анықтамасы, жұптық жұмыс, сабақты  бағалау.

Сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын жазды:

  1. Не жақсы болды? Did you like the lesson? Why? Неліктен?
  2. Не ұнамады? Did you dislike the lesson? Why?Неліктен?
  3. Нені өзгертуге болады?How we can change the lesson?

Сабақта қызықты мәліметтер аудио түрінде және арнайы тапсырмалар ағылшын тілінде берілді. Бұл тыңдалым дағдысын дамытады. Сынып тілі (classroom language) сабақта жақсы қолданылды. Сабақта ағылшын тілінде жүргізілу пайызы – 30 % болды. Мұғалімге кейбір термин сөздердің айтылуына көңіл аударылсын деген ұсыным жасалды.