21 желтоқсан күні мектебімізде "Тұлпар мініп ту алған" байқауы өткізілді...

Дата: 2018-12-24 17:31:04
21 желтоқсан күні мектебімізде

№2 мектеп-интернатында "Тұлпар мініп ту алған" мектепішілік әдеби тариxи эстафетасы өткізілуде. Әлі де өз жалғасын таппақ. Эстафета Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

21 желтоқсан күні өткізілген эстафетаның қорытындысы ретінде оқушылар арасында байқау өткізілді. Байқау "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасындағы көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар ақын, жазушы, философ, тарихшы, әрі композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай ұйымдастырылған. 

Байқауға 6-9 сынып оқушылары арасынан 17 оқушы қатысты. Байқаудың шарттары бойынша "Еңлік-Кебек" поэмасын талапқа сай оқыған оқушылар қорытындысында жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. 

БАС жүлде - Аяғанова Баян, 1 орын - Имангелді Қымбат, 2 орын - Тұрғынбекова Диана, 3 орын - Омарова Айсұлу, сонымен қатар Еділқызы Аружан "Ұшқыр-ой" номинациясымен марапатталды.

Осы байқауға демеушілік көмек көрсеткен мектеп ұжымы, қаламыздың жастар ресурстар орталығы, жеке кәсіпкерлер "Жібек-Жолы" мекемесіне Мукашев Арсылан, сонымен қатар Даданбаев Шыңғыс. Осы азаматтарға алғысымызды білдіреміз!