Қамқоршылық кеңесінің № 3 отырысының хаттамасы

Дата: 2018-12-13 15:04:02
Қамқоршылық кеңесінің № 3 отырысының хаттамасы

13. 12. 2018

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.  Жыл бойы мектепте  атқарылған жұмыстар есебі, мектеп директоры П. С. Жамшыбаева

2. Жаңа Жылға дайындық барысы

3. Әртүрлі

Қатысқандар:Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңесі мүшелері – 9 адам, мектептің ата-аналар комитеті мүшелері, әкелер және аналар кеңесі мүшелері – 32 адам.

1. Тыңдалды: 

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры П. С. Жамшыбаева сөз алып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Нақты айтқанда мектепте 396 бала оқиды, оның ішінде 7 жетім бала, 66 аз қамтылған, көпбалалы жанұя балалары бар. Оқу жылы бойы осы санаттағы оқушыларға  демеушілер  және де Қамқоршылық кеңесі мүшелері жүргізген насихаттау жұмыстарының аясында көмек көрсетіліп отырды. Оқушылардың жазғы демалысы да өте жоғары деңгейде өтті – 280 бала мектеп жанындағы «Болашақ»  сауықтыру және демалыс орталығында демалып,  демалыс сайын Шұбар-түбек қонысындағы демалыс орталығына саяхат ұйымдастырылып, денсаулықтарын шыңдады. Сонымен қатар дәстүрлі мерекелерде өз деңгейінде өткізіліп отырды. Өткен 2018 жылғы «Мектепке жол - 2018» акциясы да   жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 66 оқушы киім –кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.  Қамқоршылық  кеңес мүшелері  мектепте өткен әрбір дәстүрлі іс-шараларды, акцияларды ұйымдастыруға  белсенді қатысып, ауқымды  қолдау көрсетіп отырды дей келе Перизат Серікбайқызы Қамқоршылық кеңесі мүшелеріне алғысын білдірді.

2. Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары М. Н. Сулейменова сөз алып  Жаңа Жыл  мерекесі  жақындап келе жатқанын, және де мерекеге орай дайындықтар барысымен, әрбір сыныпта өтетін шырша мерекесі кестесімен таныстырды. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп бойынша кезекшілік кестесі құрылып, жауапты адамдар тағайындалып  бұйрық, шығарылғанын айтып өтті, және де Ата –аналар комитеті, әкелер кеңесі, аналар кеңесі мүшелерінің жылдағыдай мереке өткізу барысында кезекшілікке келуі керек екенін айтты.

3. Қамқоршылар кеңесі төрайымы  А. Ахмедина – жылдағыдай бастауыш сыныптар оқушыларына, аз қамтылған, көпбалалы жанұялар, жетім балаларға  жаңа жылдық тәтті сыйлықтар үлестіруді  ұйымдастыру мақсатында демеушілерге хат жолданып, жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.  Қамқоршылар кеңесі төрайымынң орынбасары   Д. Сейтқалиева  осы мектепте  2018 жылғы өткізілген жұмыстардың өте жемісті екенін айтып қанағаттандырарлық деп баға беруге ұсыныс жасады кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.

ШЕШІМ :

1. Мектеп директоры П. С. Жамшыбаеваның жылдық  есебі қанағаттандырарлық деп саналсын.

2.  Жаңа жылдық меркелері өткізу  барысында ата-аналар комитеті, әкелер кеңесі, аналар кеңесі мүшелерінің құрамынан кезекшілік кестесі құрылып, мерекені өз деңгейінде өткізу жауапкершілігі  жүктелсін.

3. Мүмкіншілік  бойынша  бастауыш сыныптар оқушыларына, аз қамтылған, көпбалалы жанұялар, жетім балаларға  жаңа жылдық  тәтті сыйлықтар   ұйымдастырылсын.

            Кеңес мүшелері

  1. Кеңес төрайымының орынбасары – Д. Сейтқалиева
  2. Маканалин  Т. И.
  3. Крюков С. А.
  4. Игенова Ж.
  5. Муслимов  А. К.
  6. Жуматаев Б.
  7. Қуатбеков Қ.
  8. Есенова Г. О.

   

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А. Ахмедина

Хатшы М. Н. Сулейменова