«Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты саптық жиын өтті...

Дата: 2018-12-10 10:20:32
«Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты саптық жиын өтті...

10 желтоқсан күні М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты саптық жиын өтті. Салтанатты жиын мектепшілік гимнмен ашылды. Құттықтау сөз М. П. Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп-интернатының директоры Жамшыбаева П. С. мен оқу ісінің орынбасары Сахариева М. М. берілді. Құттықтау сөзінде «Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастар сіздер мен біздер халқымыздың аңсап жеткен Тәуелсіздік туын жықпай желбірете білуіміз тиіс. «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел» ұғымдарын саналарыңа сіңіріп, қастерлеп өсуге міндеттісіздер!»  деп атап өтті. Мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының қатарына жаңадан оқушылар қабылданы. Ортаға Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің антын оқу құрметі 5 «Ә» сынып оқушысы Өмірбек Темірбекке берілді. «Жас Ұлан» ұйымының жаңа мүшелеріне галстук пен төсбелгісін тағу 8 сынып оқушыларына берілді. Сонымен қатар, саптық жиында мектебіміздің оқушылары жеткен жетістіктері үшін марапатталды. Жиын барысында мектебіміздің «Жұлдыз» би тобы қазақ биін, Сәулетай А. мен Дүйсенбай Р. «Менің Қазағым» атты әнін орындады.