«Кодтау сағаты - 2018» жаһандық компьютерлік апталығының жаһандық бастамасы төңірегінде 3-4 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді...

Дата: 2018-12-05 17:28:43
«Кодтау сағаты - 2018» жаһандық компьютерлік апталығының жаһандық бастамасы төңірегінде 3-4 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді...

5 желтоқсан күні «Кодтау сағаты – 2018» жаһандық компьютерлік апталығының жаһандық бастамасы төңірегінде бастауыш сынып мұғалімі Алдакиярова А. А. 3-4 сынып оқушыларымен танымдық сағат өткізді.

Сабақтың мақсаты: XXI ғасырдағы негізгі дағдыларының бірі – бағдарламалауға қызығушылық ояту, жасқа, жынысқа, ойлау қабілетіне қарамастан әркім бағдарламалауды үйрене алатынын көрсету, бағдарламашы мамандығымен таныстыру, бағдарламалауды үйренуде табысқа жету жағдайын құру.

Бұл бастама тек IT-индустриясымен өз тағдырын байланыстырғысы келетіндер үшін, бағдарламалау дағдыларын дамытуға ғана емес, сондай-ақ оқытудағы заманауи интерактивті технологияларды қолдануға бағытталған. Мұның барлығы оқушылар мен мұғалімдерге мектептегі информатика қызықты пән екенін көрсету үшін арналған.  #КодСағатыҚЗ   #ЧасКодаКЗ