«Тұлпар мініп, ту алған!» әдеби және тарихи-танымдық байқауының мектепшілік кезеңі басталды...

Дата: 2018-12-03 17:18:23

Бүгін 3 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында мектеп директоры Жамшыбаева Перизат Серікбаевнаның қолдауымен «Тұлпар мініп, ту алған!» әдеби және тарихи-танымдық байқауының мектепшілік кезеңі салтанатты түрде ашылды. Байқау аясында қатысушыларға «Еңлік - Кебек» поэмасын жатқа айту, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мазмұнын түсіндіру, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру тапсырылады. Байқаудың мақсаты мен міндеттерін директордың ғылыми ісі жөндегі орынбасары Жанат Айдос таныстырды. Бұл байқау  – балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық және екі ғашық арасындағы махаббатты баяндайтын поэманы  насихаттау; өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау; балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу; балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту; дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру; өнерлі жастарды халық арасында таныту.