№ 2 мектеп интернатының тарихи – өлкетану мұражайының 2018–2019 оқу жылында атқарылып жатқан жұмыстарының ақпараты

Дата: 2018-11-29 11:49:24

2018-2019 оқу жылында тарихи-өлкетану мұражайының жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының тарихқа және шежіреге  жақын оқушыларынан іріктеліп, мұражайдың «Еңбек тобы» кеңесшілері құрылды.

Мектеп мұражайының жаңадан жетекшісі ретінде Э. Қ. Алуакасова тағайындалып, «Еңбек тобы»  кеңесшілерімен біріге ақылдаса отырып, мұражайдың бірнеше жылдар бойы жинақталып келе жатқан қорын толықтыру жұмыстарын жасады. Сондай-ақ, мұражайдың негізгі бес бөлімі бойынша құжаттар мен мәліметтерді жаңартып безендірді.

Қыркүйек, қазан, қараша айларында жоспарда мақсатты түрде  құрылған іс-шаралар өткізілді және алдағы уақытта да бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Мектеп мұражайының жоспары құжатқа жүктелген.