«Ұмытылмас ұлы тұлға» жас Русаковшылар қатарына қабылдау күніне арналған салтанатты жиын

Дата: 2018-11-19 15:38:10
«Ұмытылмас ұлы тұлға» жас Русаковшылар қатарына қабылдау күніне арналған салтанатты жиын

19 қараша күні жалпы білім беретін М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында «Ұмытылмас ұлы тұлға» жас Русаковшылар қатарына қабылдау күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын  мектебіміздің  гимнмен ашылды.  Жиында мектеп директоры Жамшыбаева П. С., тарих пәнінің мұғалімі Нөкербекова Қ. И. сөз сөйлеп, бұл күн мектебіміз үшін маңызы зор күн екені атап өтті. Жиын барысында русаковшылар қатарына қабылданғалы тұрған жас бүлдіршіндерге сөз берілді.  Жиында мектебіміздің оқушылары жеткен жетістіктері үшін марапатталды. 7 сынып оқушылары Яхин Рамазан мен Маратұлы Нұрболат дуэт болып «Ару Балқашым» әнін орындады.