"Оқу шаттығы" аясындағы "Суреттер сөйлейді" үйірмесі...

Дата: 2018-11-16 17:36:03

«Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге», деп Абай атамыз бекерге айтпаған.

Мектебімізде 3 «А» сыныбында аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері «Оқу шаттығы» аясында «Суреттер сөйлейді» үйірмесі жүргізіледі. Үйірме жетекшісі: Мағауина Г. Е. Үйірме мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту және оқу мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату.

Оқушылар апта сайын кітапханаға баруды әдетке айналдыруда. Апта сайын жетекшілерімен кітапханаға саяхат жасап, өздерінің ұнатқан кітаптарын алып, оқып, оқыған кітаптары бойынша талдап, оқыған шығармаларының кейіпкерінің суретін салады. Бүгінде оқушылар кітапханаға саяхат жасап, өздерінің ұнаған кітаптарын алды. Оқушыларға кітап оқыған қатты ұнайды. Оқушылар үйірмеге қызыға қатысады. Оқуға деген құлшыныстары артуда. 

Жалпы, кітап оқу – рухани зияткерлікті дамытудың технологиясы. Мәдениетті болудың тәсілі, қарым-қатынас дәнекері, өмірлік мәселелерді шешудің құралы. Кітап оқымайынша рухани даму және өз бетінше білімін жетілдіру мүмкін емес, өйткені оқу тоқтаусыз өмір бойы жалғасады.