«Адам биологиясы» факультативтік курс бойынша "Human Circulatory system" тақырыбында ашық сабақ өткізілді...

Дата: 2018-11-14 15:54:27

14 қараша күні биология және химия пәнінің мұғалімі Хамитова С. К. 8-сыныпта «Адам биологиясы» факультативтік курс бойынша «Қанайналым мүшелері. Қанайналым жүйесі. Human Circulatory system» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: қанайналым жүйесі мүшелерімен, жүрек, қан тамырларының қызметімен танысу. Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру, дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту; Қанайналым жүйесін ағылшын тілінде меңгеру. 

Сабақ барысында тесттік жұмыстың түрлері, оқушымен жекелей жұмыс, жұптық жұмыс,ашық  сұрақтар, «кім жылдам?», терминдер анықтамасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңындағы оқушылар өз көңіл-күйлеріне сәйкес смайликтерді таңдау арқылы рефлексия жасады. Өз сезімдерімен бөлісті. Сабақта қызықты мәліметтер бейне түрінде және арнайы тапсырмалар ағылшын тілінде берілді. Бұл тыңдалым дағдысын дамытады. Сынып тілі (classroom language) сабақта тиімді қолданылды. Сабақта ағылшын тілінде жүргізілу пайызы – 20% болды. Мұғалімге сынып тілі жайлы және жаңа кейбір термин сөздердің транскрипциясын іздену ұсынылды.