«Айгөлек» байқауының 2-кезеңінде жүлделі орындарға ие болдық...

Дата: 2018-11-13 16:26:28
«Айгөлек» байқауының 2-кезеңінде жүлделі орындарға ие болдық...

2018 жылдың 12-қарашасында Балқаш қаласының Оқушылар сарайында дәстүрлі «Айгөлек» фестивалі байқауының 2-кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: Балалар шығармашылық ұжымдарының дамуын ынталандыру. Бәсекелестіктің рухын қалыптастыру. Шығармашылық ұжымдардың қызметін салыстырмалы түрде бағалау.

Байқаудың 2-кезеңіне «Көркемсөз» номинациясы бойынша № 2 мектеп-интернатының 5 «Ә» сынып оқушысы Сейфолла Дидар қатысып, "Бас жүлдені" жеңіп алды. Жетекшісі - Қадыр Баймырза. Би номинациясы бойынша мектебіміздің «Жұлдыз» би тобы қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі - Әйекей Индира.