«Жас маман» мектебі өз жұмысын бастады...

Дата: 2018-10-12 18:15:33
«Жас маман» мектебі өз жұмысын бастады...

12 қазан күні мектебімізде 2018-2019 оқу жылындағы «Жас маман» мектебінің алғашқы отырысы өтті. Отырыстың мақсаты: Өзін және кәсіби қасиеттерін көрсете алуға үйрену.

Отырыс басында «Жыл мұғалімі» байқауына қатысқан педагогтар мараппаталды. Содан кейін әдістемелік ісінің орынбасары Нукербекова К. И. мектебіміздегі жас мамандар мен жаңадан келген ұстаздармен  таныстырып өтті. Жас маман ретінде биылғы оқу жылында математика пәнінің мұғалімім Буркиталиева Г. қабылданды, деп мәлімдеді. Басқа келген педагогтар әр түрлі еңбек өтілі бар әр түрлі пән мұғалімдері.

Одан кейін мектеп психологы Асылханова А. А. жас мамандармен танысу мақсатында тренинг өткізді. 2-3 жыл жұмыс істеген мұғалімдер өздерінің презентацияларын ұсынып, бір жылғы жұмыстарына жарнама жасады.

АКТ ісінің орынбасары Рахимберлина Н.С. «Білімал» жүйесінің жұмыс істеу принциптарымен таныстырды. Сонымен қатар, заманауи сандық білім беру ресуртсарымен таныстырып өтті. Жалпы барлық АКТ саласындағы жаңалықтардан қалыспай, курстарға қатысуға шақырды.

Тәрбие ісінің орынбасары Сулейменова М.Н. тәрбиешілерге тиесілі жұмыс тәртіптерімен, және де Нукербекова К.И. портфолио жүргізу ерекшіліктерімен таныстырды.

«Жас маман» мектебінің жетекшісі З.Н. Рахиберлина «Тәжірибемен бөлісу» практикум-семинарын өткізу туралы ұсыныс айтып, мектепке жаңадан қабылданған педагогтарға жұмыстарында сәттілік тіледі. Соңында жас мамандарға жадынамалар таратылды.