«Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы 5, 6, 7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған Республикалық ата-аналар конференциясында психологтың жүргізілген жұмысы

Дата: 2018-09-23 20:34:43

    22 қыркүйек күні «Жалпы білім беретін № 2 мектеп-интернаты» КММ-да 5-7  сынып оқушыларының ата-аналарына ҚР білім және ғылым министрлігі  балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Осы конференция барысында мектеп психологы Асылханова А. А. кеңес берудің 7 бағытын қарастырды:

 1. Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері.

2. Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі.

3. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.

4. Кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.

5. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

6. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

7. Ата-ананың өзін-өзі талдауы

Ата-аналарға бала тәрбиесі жайында қысқаша бейне-роликтер көрсетілді. Тақырып бойынша үйдегі тәрбие, баламен қарым-қатынаста кездесетін киындықтары жайында талқыланды. Ата-аналар конференция жайында өз ойларын жазып пікір калдырды. Ата-аналарға конференция тақырыбына байланысты кітапшалар таратылды.