Қала бойынша балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық топтардың шеруі өтті, мектебімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне және де мектеп жанындағы жазғы «Болашақ» сауықтыру демалыс орталығының ашылуына арналған салтанаты өтті..

Дата: 2018-06-01 20:50:49
Қала бойынша балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық топтардың шеруі өтті, мектебімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне және де мектеп жанындағы жазғы «Болашақ» сауықтыру демалыс орталығының ашылуына арналған салтанаты өтті..

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де мектеп жанындағы жазғы «Болашақ» сауықтыру демалыс орталығының ашылуына арналған «Балалық бал күнім» атты салтанаты өтті.

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу, бақытты балалық өмір сүруде екендерін, замандарының тыныштығын сезіндіру.

Тақырып бойынша мектеп алдының алаңы безендіріліп, ұйымдастырушылар балаларды заманауи биімен қарсы алды.

Мерекеге арналған салтанатты жиынды құттықтау сөзбен мектеп директоры З. Н. Рахимберлина бастады, одан әрі қарай мерекені балалардың көңілін көтеретін, арнайы ойын-сауық бағдарламасымен жалғастырып кетті.

Балалармен әртүрлі ойындар, конкурстар, билер  ұйымдастырып, мерекенің аяғына дейін балалардың көңілін аулады. «Қуыршақ» биі балалар көңілінен шықты.

Осы мерекелік жоғары көңіл-күймен балалар ата-аналарымен бірге концерттік бағдарламаны тамашалап, соңы мектеп хореографы дайындаған үлкен «Спорттық биі» флешмобына жалғасты. Мереке соңында байқауларға, спорттық іс-шараға қатысқан балаларды марапаттау, тәтті сыйлықтар тарату рәсімі болып өтті.

Қала бойынша балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық топтардың шеруі өтті. Балқаш қаласында шеру Желтоқсан көшесінің бойында өтті. Бұл шеру өте жарқын және әсерлі болды, біздің оқушылар шеруге қатысушы және көрермендер ретінде де қатысты.

Шеру аяқталған соң барлық балалар балалар ойын алаңдарына шақырылып, қаланың жас таланттарының шағын концерттік бағдарламасын тамашалады.

№ 2 мектеп-интернатының ұжымы осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге шын жүректен зор, эмоциялар жан жылуын тілейді. Ал балаларыңызға жаңа жетістіктер мен жеңістерге жетуге тілектес. Өзіңізді әрқашан қуантып, сізге қамқорлық және бақыт сыйласын!