Балқаш қаласында жыл сайынғы «Қалан» әскери спорттық ойыны өтті...

Дата: 2018-05-18 17:06:37
Балқаш қаласында жыл сайынғы «Қалан» әскери спорттық ойыны өтті...

 

  16 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және «Ұлан әскери-патриоттық қозғалысы» жобасы аясында ЖББ №8 орта мектебінің ұйымдастыруымен қалалық «Қалқан» әскери-спорттық сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: адамның физикалық және рухани тұрғыда қалыптасуы үшін, болашақта туған өлкесі мен елінің болашағына өз тағдырын нық байланыстыра білетін және Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін қорғай алатын деңгейде болуына жағдай жасау.

Бағдарлама мазмұны бойынша әр мектептің 9-10 сынып оқушыларынан тұратын құрама командалары түрлі тапсырмалар орындап, өз білікктері мен дағдыларын көрсетті. Атап айтсақ, белтемірге тартылу (ұлдар), отыру жағдайында іштің бұлшық еттерін бүгу мен жазу (қыздар), пневматкалық винтовкадан ату, газ командаларын орындау, эстафеталық жарыс, АК-74 автоматын толық емес бөлектеу бойынша норматив орындау.

№ 2 мектеп-интернатынан топ құрамында оқушыларымыз қатысып, газ командаларын орындау сайысында ІІ орынды иеленді.