№ 2 санаторлық мектеп-интернаты бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралардың өтілуі туралы ақпарат

Дата: 2018-04-30 15:58:21
№ 2 санаторлық мектеп-интернаты бойынша 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралардың өтілуі туралы ақпарат

 

24 мамырдан 30 мамыр аралығында мерекелік іс-шаралар жоспары құрылып, ақпараттық стенд рәсімделіп, мектеп ауласына мерекеге сай банер ілінді. «Елдің елдігі - бірлігінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Қазақстан – халықтар достығының мекені» атты достық кездесу кеші болып өтті.

3-6 сынып оқушылар арасында  26 мамыр күні  «Қазақстан – көп ұлтты алтын ұя» тақырыбында суреттер сайысын Мусабекова Роза Ергаливена өткізіп, қорытындысын шығарды.

27 сәуір күні 1-9 сынып оқушыларына бірыңғай «Қазақстан – көпұлтты алтын ұя» тақырыбындағы сынып сағаттарын сынып жетекшілер іөткізді. Сынып сағаттарының өткізу формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдап алынған.

27 мамыр күні «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын мектепшілік гимнмен ашылды. Құттықтау сөз М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп – интернатының оқу – ісі жөніндегі меңгерушісі Жамшыбаева Перизат Серікбайқызына берілді. Мектебіміздің бишілері әр ұлттың биін биледі. Құттықтау сөз 4 «б» сынып оқушысы Замаруев Артемның ата-анасы Мисбахова Галина Адиковнаға берілді.

Мамырдың 23-25 күндері «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем Қазақстаным» тақырыбында  шығармалар сайысы болып өтті. Сайысқа 8-9 сынып оқушылар қатысты. Нәтижесінде, 3 орын -Тұрғанбаев Бозтан 9-сынып, 2 орын – Ибраева  Н. 8 сынып, 1 орын 9 сынып Орынтаева Назым иеленді.

30 мамыр күні «Ұлт көп – Отан жалғыз» атты пікірталас  5-9 сынып оқушылар арасында өткізілді. Пікірталас бейнематериалдары «Білімлэнд» сайтынан алынды. Оқушылар іс-шараға белсене қатысты. 1 мамыр мерекесіне орай жоспарланған іс-шаралар жақсы деңгейде өтілді.