«Туған өлке соқпақтары» балалар туризмі жобасы тұсаукесері болып өтті...

Дата: 2018-04-27 14:19:25
«Туған өлке соқпақтары» балалар туризмі жобасы тұсаукесері болып өтті...

 

  26. 04. 2018 жылы  М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатының акт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған  «Туған өлке соқпақтары» балалар  туризмі жобасы тұсаукесері болып өтті. Аталмыш іс-шараға  БАҚ өкілдері және де қалалық колледж сервис оқу орынынан өкілдер, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Балалар туризмі жобасының мақсаты: оқушыларды туған елінің тарихын сыйлауға және патриоттық тәрбие беру мақсатында  туған жерінің тарихын оқып-үйренуге ынталандыру, өлкетану саяхатын көпшілікке тарату, «Туған жеріңді танып біл» туристік бағыттарды ұйымдастырып, насихаттау.

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже: Мектеп оқушылары қаладағы басқа білім ошақтарымен бірлескен мәдени, экономикалық тәрбие және білім беретін іс-шараларға қатысады. Туристік бағыттарда жұмыс істеу үшін оқушылар экскурсиялық-туристік қызметтің алғашқы дағдыларын алады; туристік карталар, буклеттер, жолкөрсеткіштер, бейнероликтер жасалынады.

Балалар туризмі жобасы 5 шағын жобадан құралған -  «Туған жер – менің тарихым», «Таңғажайып Тораңғы», «Бектау-ата», «Голубая лагуна», «Ауылым  алтын бесігім».

Әр шағын жобаның жетекшілері:  Иманов Дарын, Сакишев Мадияр, Саулетай Аружан, Орынтаева  Назым, Бейсембаев Азімхан өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Тұсаукесер соңында олар өз жобалары бойынша туристерге арналған жолнұсқаушы буклеттерін және де шағын кәдесыйларын көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар жоба жетекшілері жазғы демалыста осы жобадағы туристік маршрут бойынша  300 оқушы туристер  қамтылады деп жоспарлап отырғандарын айтып өтті.

Іс-шара соңында  сервис колледжі оқу орынынан келген өкіл және де мектеп директоры З. Н. Рахимберлина балаларға рахмет айтып, істеріне сәттілік тіледі!