«Оқу – табысқа жету жолы» тақырыбында сынып сағаты өтті...

Дата: 2018-04-24 15:39:53
«Оқу – табысқа жету жолы» тақырыбында сынып сағаты өтті...

 

 20 сәуір күні, «Оқу шаттығы» жобасы шеңберінде 4 «Б» сынып мұғалімдері Александрова Н. Н. және Бубнова О. Ю. «Оқу – табысқа жету жолы» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Сабақтың мақсаты – оқушылардың оқу іс-әрекеттерінде ұзақ мерзімді ынталандыруды қалыптастыруға үлес қосу. Жеке табысқа жетудің және өркендеудің негізгі құралы ретінде оқушылардың оқуға және білім алуға деген ынтасын қалыптастыру, олардың ішкі дүниесін байыту, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыру және дамыту. Есейіп келе жатқан тұлғаға күрделі және әртүрлі ақпараттар ағынын түсінуге көмектесу, кітап оқуды насихаттау.

Сабақ барысында келесі сұрақтар талқыланды:  «Білім алу не үшін қажет?», «Білімді және надан адамның айырмашылығы неде?», «Сіз мектептен не күтесіз?», «Сіз қандай кітап оқып жүрсіз?»

«Әдеби викторина» байқауы өтті, бұл байқауда ертегілерден сұрақтарға жауап беруге талпынды. Сондай-ақ, «Мен өзімнің қабылдауым», «Загадкино» байқауы, «Бір  әріптен әңгіме» атты жаттығу, мектеп, сынып, сабақ сөздерінің әріп бойынша анықтама берді, білімді және білімі жоқ адамның бейнесін салды. Оқушылар «Менің жолым» схемасын толтырды. Жазушылардың шығармалары бойынша құрылған кроссвордты шешті.