«Ел рухын көтерген ер» атты мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті...

Дата: 2018-04-24 14:35:07
«Ел рухын көтерген ер» атты мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті...

 

   2018 жылдың 23 сәуір күні № 2 санаторлық мектеп-интернатында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл толуына арналып «Ел рухын көтерген ер» атты мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, ұлттықрухты жандандыру, халқымыздың тарихы мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін білуге деген құштарлықтарын шыңдау, Отан үшін от кешіп, ел рухын көтерген ерлеріміздің есімдерін мәңгілік есте ұстауға тәрбиелеу.        

Байқауға 12 мектептен сұраныс келіп түскен, байқауға қатысуға 10 мектеп оқушылары келді. Олар: №№8, 24, 5, 6, 1, 16, 4, 7 мектеп-гимназия, №2,15 лицейлер оқушылары.

Байқауды бастамас бұрын бүгін тілге тиек еткелі отырған тақырыбымыздың кейіпкері, Ұлт Батыры Қасым Қайсенов атамыздың бейнесін елестетер қысқаша бейне материалға көз жүгіртсек. Жазушының өмірі мен шығармашылығына мектеп кітапханашысы Махмутова Динара тоқталып өтті.

Қазылар алқасы: Жуматова Зада - «Балқаш өңірі» газетінің редакторы, «Жастар» орталығынан Қасенхан Расул, Орталықтанған кітапхана жүйесі директорның орынбасары Мұхамеджанова Балшырын.

Байқау екі кезеңнен тұрды: проза Қ. Қайсенов шығармасынан үзінді  және Ұлы Жеңіске арналған толғау-өлеңдерді жатқа оқу.

Екі бөлімнің қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешуімен:

І орын – Бақдәулет Айгерім Абай атындағы №2 лицей оқушысы, ІІ орынды №1 мектеп оқушысы Писарев Кирилл мен №5 мектеп оқушысы Жұмағали Мерұлан бөлісті, ІІІ орын: №8 мектеп оқушысы Мамашев Дулат пен №6 Саяқ кентінің мектебінің оқушысы Жексембаева Аяулымға тиесілі болды, «Көрермен көзайымы» номинациясын №4 мектеп оқушысы Алпысова Сабина иеленді.