Ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі

Дата: 2017-11-24 19:32:42
Ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі

 

    21 қараша күні М. П. Русаковтың туған күніне орай гүл шоғын қою рәсімі жоспарланды. Оқушыларға үлгі болар, ұмытылмас тұлғаға айналған академик атамыздың туған күнін еске алу күні болып саналды.

Қаламызда желтоқсан көшесінде орналасқан М. П. Русаковтың ескерткішіне 9 сынып оқушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып тәрбиешілері гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларды құттықтап, мектепке аты берілген ғалымның атына кір келтірмей, намысты, білімді ұрпақ өсіп келе жатқанын мақтана айтып, оқушылардың болашағына зор үмітпен қарайтынын жеткізді.

Мектеп ауласындағы М. П. Русаков ескерткішіне мектеп директоры, 8 сынып оқушылары, сынып тәрбиешісі  гүл шоқтарын қойды.