«Қыл қалам шебері»

Дата: 2019-02-04 12:58:55
«Қыл қалам шебері»

     Қалалық  «Сырлас» кітапханасында «Қыл қалам шебері» атты Әбілхан Қастеевтің өмірі мен өнегелі қылқалам  шеберлігі туралы іс-шара өтті. Бұл шараға мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қатысып, суретшінің өнерімен терең танысты.Әбілхан  Қастеев (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі.

       Шараны өткізген кітапханашы Қожамұратова  Шырынның  үлкен еңбегін көруге болады. Алматыдағы мұражай  қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап, Ә.Қастеевтің қыл қаламынан шыққан туындыларды оқушыларға экраннан көрсетті. Сонымен бірге суретшінің қызымен телефон арқылы сөйлескен сөзін де  жас оқырмандарға экран арқылы көрсетті.  

Автор: №5 ОМ