Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы "көмекшілерге" қарсы күрес туралы айтып берді

Дата: 2021-02-09 19:31:16
Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы

Қарағанды облысында балабақшаларға тегін орын сататын делдалдарды анықтау басталды. Жауапкершілікке тек көмекшілер ғана емес, клиенттер де тартылуы мүмкін.

Заңсыз схемаларға қарсы іс-қимыл шаралары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

- Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды күшейту үшін барлық мектепке дейінгі ұйымдар бірыңғай платформаға ауыстырылды. Бұл жан басына қаржыландыруды бөлу мен келуді бақылауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті спикер.

Ата-аналар балабақшалардың жұмысын бағалай алады. Платформада тамақтану сапасы, баланың қауіпсіздігі, тәрбиешілердің кәсібилігі үшін балл қою ұсынылады. Тамақтануды бақылау үшін "Виртуалды қойма + электрондық шот-фактуралармен интеграция" модулі енгізілді.

Балабақшаға кезекке тұрып, өтінішті "Индиго 24 КЗ" автоматтандырылған сервисі арқылы беруге болады (https://indigo24.kz/kz). Кезекте тұрғандардың тізімі, бос орындардың болуы секілді барлық ақпарат ашық және қолжетімді.

- Бұл шаралар "көмекшілер" қызметін болдырмау үшін қолданылады. Делдалдар әлдебір таныстары барын айтып және олар ерекше ресурстарға қол жеткізе алатынын айтып қызықтырады, ал шын мәнінде тегін қызметтерді сатумен айналысады. Біз осындай адамдарды анықтай бастадық. Уәкілетті органдарға кейбір адамдарға қатысты тұрғылықты жерін анықтау үшін сұрау жолданды, жауапкершілікке ұйымдастырушылар ғана емес, тапсырыс берушілер де тартылатын болады, - деп мәлімдеді Гүлсім Қожахметова.

Қарағанды облысында 533 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 83-і жеке меншік нысан.

Жарияланған күні

09 ақпан 2021

Автор: «Ручеек»балабақшасы»

Автор: Ручеек