Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал БІЛІМ НӘРІ Қазақстан Республикасы ұстаздарының ашық сабақтар, баяндама, сценарийлер жиынтығы

Дата: 2021-02-02 12:09:22
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал БІЛІМ НӘРІ    Қазақстан Республикасы ұстаздарының ашық сабақтар, баяндама, сценарийлер жиынтығы
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
БІЛІМ НӘРІ 
 
Қазақстан Республикасы ұстаздарының ашық сабақтар, баяндама, сценарийлер жиынтығы. 
 
 
 
БАЛАБАҚША МҰҒАЛІМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҒАЖАЙЫП  ӘЛЕМІН АШУШЫ МАМАН 
 
Байгутанова Гульдарига Мараткызы 
 
 
Ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген екен. «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп данышпан Абай ақын айтқандай ұстаз – қиындығы да, қызығы да мол өнер өлкесінің көш бастаушы. Сол көштің сәні мен сапасы балаға тәрбиемен білім нәрін сіңірген еңбегінің нәтижесінен аңғарылары сөзсіз. Сондықтан өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу балабақша ұстаздарының қасиетті борышы. Дені сау, тілді толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең маңызды мәселе. Артымызда өсіп келе жатқан ұрпақ біздің еліміздің болашақ азаматтары болатындықтан мемлекеттік тілді білу қажет деп санаймын. Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады. Мен бүлдіршіндердің қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізгенді жақсы көремін. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп. Әсіресе, орыс тілді топтарда қазақ тілі пәнін оқыту көп нәрсені талап етеді. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Әсіресе ТРИЗ технологиясын көп қолданамын, бұл технологияны қолданғанда бүлдіршіндердің көздері жанып тапсырманы орындауға асығып отырады, соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп отырмын. Бүлдіршіндердің бір орында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде қимылды-әуенді ойын-жаттығулар, қимылдықозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, ертегі негізіндегі тапсырмаларды қолданамын. Ойында әрбір баланың шығармашылық қабілеті, ерік-жігері, көңіл-күйі ерекше байқалады. «Ойлы бала-ойыннан белгілі» деген халық даналығы. Сондықтан, баланың ойынға деген қызығушылығын әр сабақ жоспарын құру процесінде ұйымдастырамын. Өз тәжірибемде осының біреуін қолдану үшін күнделікті сабаққа кірген кезде бүлдіршіндердің жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл - күйлерін түсінуге тырысамын. Кейбір бүлдіршіндердің көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болса, кейбіреулерінің сабаққа ешқандай құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен сабағымды шаттық шеңбері, жүрек жылуы, жылулық шеңбері, жақсы лебіз, психологиялық сәт немесе жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын. Бұл әдіс бір жағынан бүлдіршіндердің көңілін көтереді, екінші жағынан сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Мен тіл маманы болғандықтан өзге ұлттың балаларына қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін.  Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы Ұстаз болу – мінездің күн шуағы  Ұстаз болу – адамның асылдығы, — деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, әрбір ұстазда мақтан етер бүлдіршін болса, онда еңбегі зая кетпегені. 
 
Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министірлігінде тіркеліп, №16117-Ж куәлігі берілген. Тілі: қазақ және орыс тілінде Негізгі тақырыптық бағыты: білім саласына арналған республикалық ғылыми- әдістемелік журнал Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы Редактор: Өтеғұл Гүлшара Тілші: Қуанышева Күлжан 
 
 
Автор: Ручеек