Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу

Дата: 2013-02-12 07:00:21

 

       Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты дарыту-қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі. Патриоттық сана-сезім,іс-әрекет адам бойына өздігінен қалыптасатын қасиет емес екендігін,оның өзі білім мен тәрбие барысында Отанды ұлықтау,халықтың төлтума мәдени-рухани әлеміне терең бойлау арқылы қалыптасатынын теория мен тәжірибе дәлелдеп келеді.Оқыту мен тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі-жастарда ұлттық нышандарға:Туға, Елтаңба,Әнұран,ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді,оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастыру.Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу-Насыр әл-Фараби,Махмұд Қашқари,жыршы-жыраулар Асан қайғы,Бұқар жырау,Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын.                                                                              

   Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты,жан-жақты жетілген,бойында ұлттық патриотизм қалыптасқан ертеңгі тәуелсіз Қазақстан елінің иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеу-біздің басты міндетіміз.

    Музыка өнердің бір түрі,оның бойында саз бен үн тоғысы болады.Егер бала әнді орындай отырып эстетикалық әсер алмаса,музыка сұлулығына тұшына алмайды,ал егер өлеңдегі музыканы сезбесе,баланың жаны тебіренбейді.Музыка да өнердің басқа түрлері сияқты адамды рухани жағынан толықтырады,терең толғанысқа түсіреді,патриоттық сезімін күшейтеді.

  «Инновациялық технологиялар»арқылы музыканың тәрбие жұмысын ұйымдастыруды мынандай бағыттар бойынша қарастыруға болады.

  • Ұлттық музыкалық мұраларды негізгі бағытқа алу.
  • Халқымыздың жүріп өткен жолына көз жібере отырып,сан қилы тарихымызды танытатын әндердің тарихын оқушы жадына түю.
  • Халық шығармашылығы арқылы патриоттық танымын дамыту.
  • Ұлттық көзқарастарын қалыптастыру.
  • Өз елін,тілін,мәдениетін,саз өнерін қадірлеп-қастерлейтін отансүйгіштік қасиеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Біздің мектеп оқушылары да ән арқылы өздерінің Отанға,туған жеріне деген сезімдерін музыка арқылы жеткізе біліп жүр десек те болады.Патриоттық тәрбие тақырыбында өтіп жатқан мектепішілік,қалалық іс-шараларда музыка үйірмесінің оқушылары жақсы белсенділік танытып жүр.Жетекшілері:КаукербековаА.Н,Нұрбекова Ғ.С. Атап айтсақ:

1. Қазақстан Төтенше жағдай министрлігі күні

2.  Жастардың денсаулық орталығы

3. «Біз біргеміз» атты облыстық ұйымының форумы.

4. «Туға қарап түзел» атты қалалық конкурс

5. «Подарим миру улыбку» атты қайырымдылық концерті.

6.  Президент күні.

7. «Тәуелсіздік күні» мерекелік концерт.

Сурет салмайтын бала жоқ.Біреуі аз,біреуі көп салуы мүмкін.Әйтседе мыңдаған балалардың ішінен біреуі ғана кәсіби суретші болуы ықтимал.Әр бала-жеке бір әлем.Бала қолы қаншалықты епті,шебер болса,оның ақылы мен санасы да соған сай ұшқыр болады.Балалардың сурет салуға қызығушылығы ерте оянады.Бала өзін қоршаған әлемнен күнделікті жаңалықтар ашып,оны  айналасындағылармен бөлісуге асығады.Отан,туған жер,мектеп, туралы сурет салу арқылы баланың бойында отаншылдық,патриоттық сезімдерін дамытуға болады.Мысалы:

«Сиқырлы бояу» үйірмесінің оқушылары                                               Балқаш қаласының  75 жылдығына арналған «Армандағы саябақ», «Менің сүйікті қалам», «Балқаш сүйікті қалам атты» сурет байқауларына белсене қатысып өздерінің бойындағы отансүйгіштік,патриоттық сезімдерін қылқалам арқылы бейнелеп жоғары көрсеткіштерге жетіп,марапатталды.

«Өнер» бірлестігінің тағы бір үйірмесі ол «Шебер қолдар» үйірмесі.Үйірмедегі жұмыс түрлері ұлттық тәлім-тәрбие мен тығыз байланысты.Қөлөнерге деген қасиет-оқушының бойындағы дамыған сана белсенділігі,туа біткен қабілеті.Жалпы баланың ақыл-ойын дамытып,адамгершілікке,іскерлікке баулу,жеке адамның дамып жетілуіне қолөнердің әсері мол.Үйірме жұмыстарының міндеттері негізінен оқушының бойындағы кәсіптік икемділікті қалыптастыру,біліктілік пен танымды,еңбексүйгіштік пен қарым-қатынасты                  тәрбиелеу,шығармашылық пен оған деген белсенділікті арттыру.Қолөнер үйірмесіне қатысатын оқушылар бойында ұлтжандылықты,патриоттық рухты тәрбиелеуде қлттық қолөнер жұмыстары басты рөл орындайды.Мектепішілік,қалалық көрмелерге қойылған кез келген бұйымдарды алсаңыздар да жоғары да аталған ұлттық нақыштарды көре аласыз.Мысалы: «Шимен жұмыстарды» ерекше атап кетуге болады.

1.Қала үні.

2.Қолөнердің ғажайыбы

3.Қамқорлық акциясы

4.Дәстүрлі қолөнер көрмесі.және тағы да басқа көрмелерден оқушылары мен ұстазы да жүлделі орындарғаие болып жүр.  

                                                                                             Нұрбекова Ғалия.