2019 жылдың 10 маусым күні мектеп кітапханасында «Кітап - ұлт байлығы» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Дата: 2019-06-14 13:56:30
2019 жылдың 10 маусым күні мектеп кітапханасында «Кітап - ұлт байлығы» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларға кітап жайлы ақпараттық буклет, ертегілер, журналдар таныстырылды. Кітап көрмесінен кейін «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» тақырыбы аясында өткен ойын барысымен қатысушыларды лагерьдің дене шынықтыру мұғалімі Абылай Ерланұлы таныстырып, «Бәйтерек», «Болашақ» топтарына бөліп жарысты бастап кетті. Таза ауа, тамаша табиғаттың аясында орын тепкен балалар лагерінде жүздері бал-бұл жайнаған демалушылар ойынды қызықтыра түсті. Көңілді өткен ойында бірінші орынды «Болашақ» тобы, екінші орынды «Бәйтерек» топтары иеленді. Алғыс хаттарымен марапатталды.

Автор: №24 ОМ