«Нептун – су патшайымы»

Дата: 2019-06-08 09:55:56
«Нептун – су патшайымы»

№ 24 орта мектебінің мектеп жанындағы "Балауса" лагерьде Нептун күніне байланысты «Нептун – су патшайымы» атты сайыс жүргізілді. Сайыстың мақсаты: балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1 кезеңде- балалар тесік шелекпен мәредегі ыдысты суға толтырды. 2 кезеңде - бір жәшіктен екінші жәшікке суда мекендейтін жануарларды іріктеді. 3 кезеңде – мәреге дейін қолындағы кеседегі суды банкаға толтырды. 4 кезеңде – 2 топ су тапаншасы арқылы бір-бірін сумен атқылап ойнады. Балалар сайысқа ат салыса және қызығушылықпен қатысты. Жеңіске жеткен команда марапатталды.