Әкелер кеңесі отырысының хаттамасы

Дата: 2016-05-01 12:16:53
Әкелер кеңесі отырысының хаттамасы

Әкелер кеңесі отырысының хаттамасы №1

 

Күн тәртібінде:

1.      Әкелер кеңесінің құрамын сайлау және ережемен танысу

                                                                                 Тәрбие ісінің меңгерушісі  Мусина А.Қ

2.      Әкелер кеңесінің жұмыс жоспарын  таныстыру

                                                                               Әкелер кеңесінің төрағасы Е.Б.Баймағанбетов

3.      Әр түрлі мәселелер.

 

Сөйледі:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі А.Қ.Мусина сөз сәйледі.

     Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруіні алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында , жанұялық құндылықтарды күшейту , бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының , әкелер жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына , «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңына ,  2014 жылғы  4 қазандағы қалалық білім , дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұйрығына негізге ала отырып, №24 орта мектебінде Әкелер кеңесін құру жоспарланды.  Мақсаты әкелердің отбасындағы бала тәрбиесіндегі ролін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.

Әкелер кеңесінің құрамы төмендегідей:

Төраға:      Баймағанбетов Еркебұлан Берікович

Әкелер кеңесінің мүшелері

                           1. Каркешов Бахдаулет Есимханұлы

                           2  Садуов Бактибай Екпинбаевич

                           3. Ким Сергей Яковлевич

                           4. Толпаков Серикбол Уразбаевич

                           5. Абденбеков Асхат Кенесбаевич

                           6. Қазанғап  Мырзағалым    

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  әкелер кеңесінің төрағасы Е.Б.Баймағанбетов сөз сөйледі.

  Кеңес  төрағасы Әкелер кеңесінің жұмыс жоспарын  таныстырып, кеңес мүшелері белсене ат салысуға шақырды.

 Қаулы етті:

-          Әкелер кеңесінің жұмысы жоспарға сай  жүйелі түрде жүргізілсін;

                         Төраға:                                      Е.Баймағанбетов

                          Хатшы:                                 Садуов Б.Е

 


Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

Күн тәртібінде:

1.      «Отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудағы әкенің ролі»    Тәрбие ісінің меңгерушісі  Мусина А.Қ,                                                                                                      Әкелер кеңесінің төрағасы Баймағанбетов Е.Б

2.      «Туберкулез ауруларын алдын алу шаралары»     

           Туберкулездік  диспансер   дәрігері Нүркенова  Т.К

3.      «Мамандық навигаторы» мобилдік қосымша           

           Информатика мұғалімі Бекмағанбетова Н.С

4.      «Балаларды автокөлікпен қауіпсіз тасымалдау»   

          Тәрбие ісінің меңгерушісі Мусина А.Қ

5.      Әр түрлі мәселелер.

Сөйледі:

 1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Мусина А.Қ          «Отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудағы әкенің ролі»  тақырыбында баяндама жасады. Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі

Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы ата- ана: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата- анасына ардақ тұтып, өзінің перзеттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында. Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлінуі тиіс.

Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол оқушының мінез- құлқын, бейімділігін, сынып ішіндегі оқушылармен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс сынып жетекшісінің жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді. Бала тәрбиесі ұласатын асыл құндылықтар үлкендердің әңгіме желісінен, іс- қимылынан танылып, сезім жіптері арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу үрдісінің мәні зор. Қалыптасқан тәлім- тәрбиелік әдеттері, рәсімдері мен салт- саналық дәстүрлері жас үрпақтың жан-жақты сіңіру. Өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін- жерін сүйетін, өз ұлтының салт- дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.  Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында мектебімізде «Әкелер кеңесі» өз жұмысын атқарады. Келесі сөзді әкелер кеңесінің атқарған жұмыстары бойынша  әкелер кеңесінің төрағасы Е.Б.Баймағанбетовқа берейік.

Е.Б.Баймағанбетов әкелер кеңесінің атқарған жұмыстарына есеп берді.

2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық тубдиспансер дәрігері Нуркенова Т.К сөз алды. Туберкулезге алдын алу шаралары: Салауатты өмір салты- құнарлы тамақтану ( тамаққа етті, сүт өнімдерін, балықты, дәнді дақылдарды, көкеністермен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану), үнемі дене шынықтырумен айналысу, жақсы демалу, салауатты қоршаған орта, темекі шегуден, алкогольден, есірткіден бас тарту. Туберкулезді дер кезімен, уақытымен диагностикалау және емдеудің толық курсы аяқталғанға дейін емдету.  Сәби туылған кезде, міндетті түрде, БЦЖ вакцинациялауу (егілу) және 6-7 жаста ревакцинациялау. БЦЖ- туберкулез таяқшалары бар тірі вакцина. БЦЖ- иммунитетті қолдайды жіне ағзаның қорғаныш реакциасын күшейтеді. БЦЖ ағзаны милиарлық туберкулездің және туберкулез минингитінің ауыр түрлерінен сенімді қорғайды.Сонымен қатар, туберкулез ауруына шалдыққан балалар арасындағы қалалық   статистикамен таныстырып, ауруды алдын алу жолдарын сөз етті.

3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша информатика мұғалімі Н.С.Бекмағанбетова сөз алды. «Мамандық нафигаторы» мобилді қосымшаның жаңа бағдарламасы бойынша ата-аналар қауымына төмендегідей алгоритм бойынша мағлұматтар берілді:

ü  «Андроид» ОС арқылы кез келген мобилді құралдан «Play Market» қосымшасын ашу.

ü  Іздеу жолына «Кем стать» кілт сөзін жазу. Қосымшаны табу.

ü  Керекті батырмаларды басып қосымшаны жүктеу.

ü  Қосымшаны іске қосу керек.

ü  «Классификатор специальностей» модулі мамандықтар туралы толық ақпарат береді.

ü  «Учебные заведения» модулі колледждер туралы толық ақпарат береді.

ü  «Пройти тест» модулі Джон Холландтың психологиялық тестін тапсыруға болады.

ü  «Проба на профессию» модулінде берілген мамандық бойынша кәсіби сынақ іс-шарасы өтеді. Мұнда оқушы өзін әр мамандықта сынай алады.

Бұл қосымша жоғарғы сынып оқушыларына жаңа заманның мамандықтарын дұрыс таңдауға бағдар береді. Таңдаған мамандығы бойынша колледждер туралы толық мағлұмат береді. «Проба на профессию» модулінде өткізілген іс- шаралар туралы өзекті ақпарат қолжетімді екенділігі айтылды.

4. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша  тәрбие ісінің меңгерушісі Мусина А.Қ сөз алды . 07.02.2015 жылы жолда жүру ережелеріне еңгізілген өзгерістер жайлы   ата-аналар қауымын ақпараттандыру мақсатында .«Балаларды автокөлікпен қауіпсіз тасымалдау»  тақырыбында      ескертпелер таратылып,  автокресло түрлері және жас мөлшеріне байланысты қолдану ережелері, арнайы классификацияларымен  таныстырды. 

5. Күн тәртібіндегі бесінші  мәселе бойынша әлеуметтік педеагог И.О.Маулетова сөз алды. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен және ақылы тамақтануы ұйымдастырылған. 2015 жылдың басталуына байланысты жаңа анықтамалар және құжаттардың толықтырылуы ата-аналар тарапынан сұралды.

Қаулы етті:

-          Отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік  дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудағы әкенің рөлін жоғарылату  мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылсын;

-          Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында қалалық білім орындарымен кездесулер өткізілсін;

-          Тегін тамақтанатын оқушылардың тізімі өзгертіліп бекітілсін;


№24 орта мектебі бойынша «Самрұқ» әкелер кеңесі жұмысының 1 жарты жылдық жазбаша есебі.

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруін алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында , жанұялық құндылықтарды күшейту , бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының , әкелер жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына , «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңына ,  2014 жылғы  4 қазандағы қалалық білім , дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұйрығына негізге ала отырып, №24 орта мектебінде Әкелер кеңесін құру жоспарланды.  Мақсаты әкелердің отбасындағы бала тәрбиесіндегі ролін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Осы мақсатта  қараша айында мектебімізде «Самрұқ» әкелер кеңесі өз жұмыстарын бастады.

Әкелер кеңесінің құрамы төмендегідей:

Төраға:      Баймағанбетов Еркебұлан Берікович

Әкелер кеңесінің мүшелері

                           1. Каркешов Бахдаулет Есимханұлы

                           2  Садуов Бактибай Екпинбаевич

                           3. Ким Сергей Яковлевич

                           4. Толпаков Серикбол Уразбаевич

                           5. Абденбеков Асхат Кенесбаевич

                           6. Қазанғап  Мырзағалым    

 Бірінші отырыста   кеңес  төрағасы Әкелер кеңесінің жұмыс жоспарын  таныстырып, кеңес мүшелері белсене ат салысуға шақырды.

   №24 орта мектебінде мектепішілік құрылған әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен  7-9 сынып ұл балаларының арасында   «Қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың болу себебі» тақырыбында әкелер кеңесінің төрағасы  Е.Б.Баймағанбетовпен  әңгімелесу сабағы өткізілді.

Кездесудің мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу .

Отбасындағы әке тәрбиесінің ролін , оқушыларды жат қылықтардан сақтануға , салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу төңірегінде сөз қозғалды. Әкелер кеңесінің төрағасы Е.Б.Балмағанбетов оқушыларға жасөспірім шағында өз басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге 18 ер бала, сынып жетекшілер қатысты.

    №24 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 23 жыл толуына орай Әкелер кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Біз-Тәуелсіз Қазақстанның салауатты болашағымыз!» тақырыбында отбасылық сайыс өтті. Сайысқа 2А,3А,4А сынып оқушылары мен әкелері қатысып,   отбасылық сайыс тартысты өтті

    Қаңтар айында  әкелер кеңесінің төрағасы Баймағанбетов Е.Б «Отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудағы әкенің ролі» тақырыбында ата-аналар жиналысында баяндама жасады.                                     

Жалпыға білім беру айлығы  аясында 05.01-30.01 аралығында «Жасөспірім және көше» тақырыбында әкелер кеңесінің мүшелері және «О.С.П.» полиция көмекшілері тобымен бірлескен рейдтік жұмыстар атқарылды. Рейдтік жұмыс барысында құқықбұзушылық анықталған жоқ. Педагогикалық бақылауды қажет ететін мектеп оқушылары тексеріс барысында үйлерінде болды.

 

         Тәрбие ісінің  меңгерушісі:                   Мусина А.Қ


№24 орта мектебінде «Қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың болу себебі» тақырыбыңда өткен әңгімелесу сабағының ақпараты

   №24 орта мектебінде мектепішілік құрылған әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен  7-9 сынып ұл балаларының арасында   «Қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың болу себебі» тақырыбында әкелер кеңесінің төрағасы  Е.Б.Баймағанбетовпен  әңгімелесу сабағы өткізілді.

Кездесудің мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу .

Отбасындағы әке тәрбиесінің ролін , оқушыларды жат қылықтардан сақтануға , салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу төңірегінде сөз қозғалды. Әкелер кеңесінің төрағасы Е.Б.Балмағанбетов оқушыларға жасөспірім шағында өз басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге 18 ер бала, сынып жетекшілер қатысты.

 

          Тәрбие ісінің меңгерушісі:                       Мусина А.Қ


                    

Әкелер кеңесі ережесін бекіту туралы

        Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруіні алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында , жанұялық құндылықтарды күшейту , бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының , әкелер жауапкершілігн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына , «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңына ,  2014 жылғы  4 қазандағы қалалық білім , дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.       №24 орта мектебі бойынша Әкелер кеңесін құру туралы ереже бекітілсін. (қосымша №1)

2.      Әкелер кеңесінің құрылуы туралы ережемен әкелер кеңесі мүшелері таныстырылсын

3.      Бұйрықтың орындалуын бақылау және басшылық жасау тәрбие ісінің меңгерушісі А.Қ.Мусинаға жүктелсін.

           Мектеп директоры:                                   Қ.Ахметова