бракераждық комиссия

Дата: 2023-01-16 14:08:16
бракераждық комиссия

Қарағанды облысы біілім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасында 16.01.23жылы бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , әлеуметтік педагог  Жумажанова С.С, мектебіміздің мұғалімі Қабылбекова Т.А және мектебіміздің қамқоршылар кеңесінің мүшесі  Надирбеков Д бірге  жоспарға сай тексеріс өтілді.  

Күн тәртібінде:

1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру

2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы

3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы

4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.

Бүгінгі ас мәзірі бойынша;

-Алма қосылған дәруменді салат

-Еттен котлет (сиыр еті)

-Пісіріген каракұмык

-Қ/б наны

-Сүт пен кант қосылган шай

Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған . Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан 1 тарелка алынып тасталды, аспазшының көмекшісіне ескерту айтылды. Және сонымен қатар, алма қосылған дәруменді салат болмады, окушылар ішетін куллердегі су болмады. Ескерту айтылды.

Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді.

Ұсыныс: Сынған ыдыс-аяқтарды күнделікті алып тастап отыру. Куллердегі суды күнделікті толтырып отыру, күнделікті ас мәзіріндегі тағамды толығымен қамтамасыз етіп отыру.