«Оқуға құштар мектеп»

Дата: 2023-01-16 13:04:18
«Оқуға құштар мектеп»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде қаңтар айының 16-інші жұлдызында Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жаппай кітап оқу сағаты ұйымдастырылып өткізілді. 

Мақсаты : оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Осыған орай 3 «А» сыныбы «Алдар көсе» ертегісін сынып болып оқыды. Алдар көсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отыратынын түсіне отырып балалар оқырман күнделігіне өз ойларымен бөлісті.