"Менің сүйікті қалам"

Дата: 2022-11-21 16:18:05

Қарағанды облысы білім басқармасының, Балқаш қаласы білім бөлімінің «24 мектеп-интернаты» КММ-де   8 "А" сыныбында "Менің сүйікті қалам" ашық тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты:  Жас жеткіншектердің туған қала,  оның көрікті жерлерімен таныстыру, табиғатына, әсем көшелеріне, биік үйлеріне, мәдени орындарына,туған жерге деген  сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбие сағатында оқушыларға қаланың 85 жылдығына байланысты ақпараттар айтылып, әр түрлі қызықты сұрақтармен ойындар ойнатылды.