«Ұлықтауға тұрарлық –Ұлы тұлға»

Дата: 2022-09-29 08:07:56
«Ұлықтауға тұрарлық –Ұлы тұлға»

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 8 сыныптар арасында Мұқтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырлған  «Ұлықтауға тұрарлық –Ұлы тұлға» атты  дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясын талдау. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.Осы отырыс барысында оқушылармен бірлесе отырып «Абай жолы» романына талдау жүргізілді. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Оспанова Ж.Н. Дюсебеков С. Т.  әлемге Абайдай дананы танытып, өзі де қайталанбас бірегей тұлға болып танылған Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармаларына  тоқталып өтті. «Абай жолы» роман-эпопеясы − өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы өмірінің алуан түрлі жақтарын терең ашқан, сол заманның бейне тұлғасын жан – жақты суреттеп берген, кең эпикалық  туынды екеніне кеңінен тоқталып талдау жүргізілді.