"Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың рөлі"

Дата: 2022-04-29 15:35:58

"Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы" КММ - ісінің ұйымдастыруымен "Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың рөлі" тақырыбында мәдениеттанушы, Қарағанды техникалық университетінің аға оқытушысы, облыстық ААТ мүшесі Жарқын Амантайұлы Түсіп Түсіпбеков мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында жаһанданудың қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы, бірқатар үдерістерінің ұлттық құндылықтар дағдысына әсері туралы айтып өтті.