"Мамандықтар жәрмеңкесі- 2022"

Дата: 2022-04-27 16:22:41

2022 жылы сәуір айының 21-22 күндері "Оқушылар сарайы" КМҚК - де 9-11 сыныптарға арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды қаласының ЖОО және АООО - ның өкілдерінің қатысуымен  "Мамандықтар жәрмеңкесі- 2022" өтті. Іс - шараға Болашақ академиясы,  Бөкетов атындағы ҚарМУ, Ә.Сағынов атындағы ҚарТМУ, ҚЭУ, ҚҚЭУ ЭБҚ колледжі, Инновациялық технологиялар колледжі,  Экономика, бизнес және құқық колледждердің қызметкерлері  қатысып, түлектері және ата - аналарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Жәрмеңкеге  9 сынып оқушыларынан 26 оқушы қатысты.