Мемлекеттік қызмет көрсету есебі 2021 жыл

Дата: 2022-04-22 12:29:36

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы №564 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы». Үкіметтің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімі, білім беру қағидаларына сәйкес, Балқашқаласы  білім бөлімінің « №24мектеп-интернаты» КММ  мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

 

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (жауапты  Үміт Б.Б  хатшы);

 

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау    (жауапты-Маулетова И.О   директордың оқу ісі жөнінідегі орынбасары);

 

3.Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (жауапты  Болат Ү.Б  хатшы);

 

4.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну» (жауапты әлеуметтік-педагог Хасенова А.О)

 

5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (жауапты «Айбөбек»- шағын орталығының әдіскері  Серикова Э.К)

 

Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ғадейін түскі үзіліспен, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Халықты ақпараттандыру үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары бар.

 

Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:

 

 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

 

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

 

 3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

 

 4) мемлекеттік қызметті уақтылы ұсыну;

 

 5) әдептілік және сыпайылық.

 

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту, оларды көрсету мерзімін бұзу болған жоқ. Шағымдар түскен жоқ.