«Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым»

Дата: 2022-04-19 10:23:29

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-інде  «Салт - дәстүрім – таусылмайтын байлығым» 

мектеп күніне арналған сыныптан тыс іс – шара өтті. Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.  НЗМ іс-тәжірбиесінің бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайтын «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы ұйымдастырған іс – шара өте жоғарғы деңгейде өтті. 5 б  және 7а,ә  сыныптарынан құралған «Бірлік» шаңырақ қауымдастығы жоғарғы қазақ сынып оқушылары төменгі орыс сыныптағы балаларға қамқор болып, көмектесіп, осы арқылы көшбасшылық қасиеттері дами түсіп, өзара сыйластық, жауапкершілік, кішіге қамқор болу сынды жоғары адами құндылықтарды жүзеге асыратынын көрсете білді.