«Лидер және команда»

Дата: 2022-02-26 09:46:17
«Лидер және команда»

Қарағанды облысы білім басқарамасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ -де  «Дені саудың- жаны сау» денсаулық апталығы аясында мектепішілік жоспарға сай 7 «А» сыныбында  «Лидер және команда»  атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Сынып сағатында  оқушылар спорт түрлері туралы өлеңдер айтты, ребус шешті, мақал мәтел жарысы өтті.  Сабақ барысында оқушылар   денсаулық туралы бейнебаян көрді,  топтық және жұптық жұмыстар ұымдастырылып қызықты тапсырмалар орындады.