«Құқығым бар»

Дата: 2022-01-14 09:53:38
«Құқығым бар»

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№ 24 мектеп-интернаты» КММ-інде 

«Құқығым бар» тақырыбында өткізілген өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен кездесу

АҚПАРАТЫ

 

Қараша айында «Бала құқығы-адам құқығы» атты Республикалық айлық аясында аға тәлімгер «Құқығым бар» тақырыбында  өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді.

Мақсаты:Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Кездесу барысында аға тәлімгер ұйым мүшелеріне оқушылардың құқығы және міндеті туралы айтып өтті.

Ұйым мүшелері оқушының басты міндеттерін айта отырып,өзара пікірталастырды.