«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!»

Дата: 2022-01-14 09:50:33
«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!»

Қарағанды облысы білім басқармасының

Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№24 мектеп-интернаты» КММ-де

«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы өткізілгені туралы

АҚПАРАТ

 

6-7 қазан күндері Қарағанды облысы білім басқармасының

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де «Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды оқулықтарды күтіп ұстауға, тазалыққа, ұқыптылыққа және  «Мектеп парламенті» депутаттарының жұмысын жандандыруға тәрбиелеу.

Мектеп бойынша барлық оқушылардың оқулықтары тексерілді. Акцияға 1-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың оқулықтарының тазалығы, ұқыптылығы, қапталуы тексерілді. Оқулықтарды тексеру барысында оқушылардың 80 пайызының оқулығы ережеге сай болып, 20 пайызына ескерту жасалды. Негізгі ескертулер оқулықтың қапталмауы болып табылады. Ескертуді сынып жетекшілерге айтып, оқушылармен оқулыққа қамқорлық жасау туралы туралы әңгіме жүргізіліп, келесі күнге қайта тексеру күні белгіленді. 07.10.2021 күні ескерту жасалған оқушылар оң нәтиже көрсетті.