“Макулатура тапсыр – ағашты сақта!”

Дата: 2022-01-14 09:46:44
“Макулатура тапсыр – ағашты сақта!”

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-інде

“Макулатура тапсыр – ағашты сақта!” акциясы туралы ақпарат

 

Мектебімізде қараша-желтоқсан айларында “Макулатура тапсыр – ағашты сақта!” ұранымен газет, журнал немесе кітапшаны шикізат (макулатура) ретінде тапсыру акциясы бастау алды.

Мақсаты: Қанша макулатура жинап, оны қайта өңдеген кезде, бір  ағашты кесуден сақтап қалуға болатынын кейбір дерек көздеріне сүйене отырып, қоршаған ортаны қоқыстан қорғау жолдарын оқушыларға түсіндіру.

Мектепте дәптер, газет-журналдар мен ескі кітаптарды жинау үшін арнайы қоқыс жәшігі орнатылды. Мектеп оқушылары, ата-аналары мен мұғалімдері сол жәшікке макулатура тапсыруға белсенді қатысуда.

Жиналған макулатура қаламыздың қайта өңдеу орнына жөнелтіледі. Кейін одан дәретхана қағазы, сүлгі сынды тауарлар жасалады. Негізі қағазды алты рет қайта өңдеуге болады. Ал макулатураның 1 тоннасы 5 түп ағашты құтқарады.