Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. Мәңгілік сарқылмас қазына. Ғасырлар елдің игілігіне жарап, тарихтың теңдессіз тартуы саналар қымбат та,қастерлі мұра – кітаптың құнын жоғары бағалайтын Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

Дата: 2021-12-21 13:22:35

Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. Мәңгілік сарқылмас қазына.  Ғасырлар елдің игілігіне жарап, тарихтың теңдессіз тартуы саналар қымбат та,қастерлі мұра – кітаптың құнын жоғары бағалайтын Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- нің 8 «А» сынып оқушысы  Қалашбаева Торғын өзінің жетістіктерін Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 30 жылдығына арнайды.

  Отансүйгіш, патриот сезімін бойына дарытқан  Торғын  жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Оқы! Таны!Талқыла!» атты қашықтықтан өткізілген облыстық буктрейлер байқауының ІІ дәрежелі дипломын жеңіп алса,отбасымен қалалық оқырман конференциясына қатысып,буктрейлер байқауында  «Қалашбаевтар» отбасы ІІІ орынды иеленді. «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асыруда белсене ат салысты.Кітап оқуға құмар, жаңа кітапты жарнамалауда алдына жан салмайтын Торғынды  мектебіміздің  табысты оқушы ретінде мақтан тұтамыз.Бәсекеге қабілетті,келешегі кемел жас ұрпаққа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!