Р.Қошақарбаев атындағы Балхаш техникалық колледжіндегі кәсіби сынама туралы ақпарат

Дата: 2021-11-17 15:02:36
Р.Қошақарбаев атындағы Балхаш техникалық колледжіндегі кәсіби сынама туралы ақпарат

 

Күзгі демалыс кезінде №24 мектеп-интернатының  9 сынып оқушылары жетекші мұғаліммен кәсіби білім беруде мекемелермен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қаламыздағы Р.Қошқарбаев атындағы  колледжіне барды. Барған оқушылар колледж оқытушыларының көмегімен ғимаратты аралап шығып, сабақ оқытылатын кабинеттермен де жеке – жеке танысып өтті. Содан кейін тәжірибелік сабақ өтетін кабинеттерде тәжірибелік жұмыстарға қатысып көрді. Электро жабдықтарды жөндейтін және қызмет көрсететін шеберханада өндірістік оқытушылардың көмегімен жабдықтармен және олардың жұмыс жасау тәртіптерімен танысып, студенттердің электрлік жабдықтармен жұмыс жасау барысын көрді. Сонымен қатар автомеханика кабинетіне кіріп студенттердің өздері құрастырған маторлармен және тағы басқада автобөлшектермен танысып, автомеханик мамандарды дайындаудың қыр – сыры туралы біліп өтті.  Колледж ғимаратының артында жеке орналасқан құрылыс шеберханасынада кіріп, құрылысшының киімін кие отырып жұмысын өздері жасап көрді. Одан кейін жанындағы дәнекерлеуші шеберханасына кіріп жұмыс барысымен және қауіпсіздік ережелерімен танысып өтті. Дәнекерлеуші маманының киімдерін киіп темірді дәнекерлеп, қызықты да, қиын жұмыс екенін көрді.